Қазақстан ИЫҰ Сыртқы істер министрлерінің кеңесіне қатысты
Мавритания Ислам Республикасының астанасында Ислам ынтымақтастығы ұйымының (ИЫҰ) Сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) 49-шы сессиясына Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш бастаған Қазақстан Республикасының ресми делегациясы қатысты, деп хабарлады Elorda.info СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс-шара барысында Ұйымға 55 мүше мемлекеттің делегацияларының басшылары ислам әлеміндегі саяси ахуал, мемлекетаралық қатынастар, экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.
Іс-шараның күн тәртібіне қарусыздану, исламофобиямен және діннің диффамациясымен күрес, әлемдегі мұсылман азшылықтарының жағдайы, «ИЫҰ-2025» қызметі бағдарламасы және т.б. мәселелер енгізілді.
Қазақстандық дипломат Таяу Шығыс бейбітшілік үдерісіне жәрдемдесудің және Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандырудың маңыздылығын айтты. Сондықтан ол ИЫҰ-ға мүше Азия елдерін АӨСШК-те белсенді қатысуға шақырды.
Іс-шарада ИЫҰ СІМК-не Пәкістан Ислам Республикасынан Мавритания Ислам Республикасына төрағалықты беру рәсімі өтті, ал Палестина, Бангладеш пен Нигерия өкілдері төрағаның орынбасарлары болып сайланды.
Сессия барысында Қ. Тумыш Алжир, Әзербайжан, Бруней, Нигерия, және Иран делегацияларының басшыларымен, сондай-ақ ИЫҰ Бас хатшысымен екіжақты келіссөздер жүргізді. Тараптар екіжақты және көпжақты форматтағы ынтымақтастықты дамыту жолдарын, сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын басқа да мәселелерді талқылады.
-->Мавритания Ислам Республикасының астанасында Ислам ынтымақтастығы ұйымының (ИЫҰ) Сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) 49-шы сессиясына Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш бастаған Қазақстан Республикасының ресми делегациясы қатысты, деп хабарлады Elorda.info СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс-шара барысында Ұйымға 55 мүше мемлекеттің делегацияларының басшылары ислам әлеміндегі саяси ахуал, мемлекетаралық қатынастар, экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.
Іс-шараның күн тәртібіне қарусыздану, исламофобиямен және діннің диффамациясымен күрес, әлемдегі мұсылман азшылықтарының жағдайы, «ИЫҰ-2025» қызметі бағдарламасы және т.б. мәселелер енгізілді.
Қазақстандық делегация басшысы өз сөзінде мұсылман уммасының бірқатар өңірлері мен елдерінде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелеріне ИЫҰ-ның белсенді қатысуының маңыздылығына назар аударды. Осы жылдың мамыр айында бірінші министрлік кездесуі Қазақстанда өткізу жоспарланған ғылым мен технология саласындағы жетекші 15 мұсылман елін біріктіретін "ИЫҰ-15" тобын құру жөніндегі қазақстандық бастаманың өзектілігін атап өтті. Қазақстанның Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттікті құру жөніндегі бастамасын іске асыруға ИЫҰ-ның әлеуетін қосу мәселесіне ерекше назар аударды, - делінген хабарламада.
Қазақстандық дипломат Таяу Шығыс бейбітшілік үдерісіне жәрдемдесудің және Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандырудың маңыздылығын айтты. Сондықтан ол ИЫҰ-ға мүше Азия елдерін АӨСШК-те белсенді қатысуға шақырды.
СІМК жұмысы барысында ИЫҰ мүше мемлекеттеріне қатысты мәселелер шеңберін шешуге бағытталған, оның ішінде саяси, экономикалық, құқықтық, гуманитарлық және әкімшілік-қаржылық мәселелер бойынша 100-ден астам қарарлар қаралды және қабылданды. Барлық қазақстандық бастамалар СІМК-тің тиісті құжаттарында бекітілді, - делінген хабарламада.