Түркияда сайлау күні нақтыланды
Түркияда маусымның 18-де өткізуге жоспарланған президенттік және парламенттік сайлау ресми түрде мамырдың 14-не белгіленді, деп хабарлады Elorda.info.
Qazaqstan.tv жазуынша, мұндай шешімге президент Режеп Тайып Ердоған қол қойды. Рәсім теледидардан тікелей эфирде көрсетілді. Мұның алдында көпшілік ақпанда болған жойқын зілзаладан кейін сайлау мерзімі кейінге шегерілуі мүмкін деп болжаған еді. Дүйсенбіде Түркияның алты партиядан тұратын негізгі оппозициялық партиясы президенттікке басты үміткерін атады. Республикалық халық партиясының лидері Кемаль Кылычдароглу, Режеп Тайып Ердоғанмен бәсекеге түседі.
-->Түркияда маусымның 18-де өткізуге жоспарланған президенттік және парламенттік сайлау ресми түрде мамырдың 14-не белгіленді, деп хабарлады Elorda.info.