Саясат

Елдегі саяси реформаларды халықаралық сарапшылар оң бағалап отыр – Алуа Жолдыбалина

Еліміздегі 2019 жылы басталған саяси реформалар, міне, 4 жылға жуық уақыт жалғасып келеді. Оның қарқыны мен жылдамдығы өте жоғары, ол ұзақ мерзімді әсер-ықпалын берері сөзсіз. Бұл пікірді Президент жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Алуа Жолдыбалинаның айтуынша, халықаралық сарапшылар еліміздегі бүгінгі саяси оң өзгерістерді мойындап, әділ бағасын беруде.

-->

Бүгінгі Қазақстандағы саяси реформалар Орталық Азия аймағындағы елдермен салыстырғанда барынша тиімді, уақытылы, прогрессивті. Бұған қандай дәлелдер бар? Әлемдік саясат кез келген елдің даму деңгейін халықаралық зерттеулермен, яғни рейтинг және индекстермен бағалайды. Бұл біз берген баға емес, бұл сырт елдердің берген бағасы.

Мысалы, Қазақстан «Заң үстемдігі индексінде» 2018 жылы 68-орында, 2021 жылы 66-орында болса, 2022 жылы 140 мемлекеттің арасында 65-орынды иеленді. Тек бір жылдың ішінде біздің елдегі саяси және заң саласындағы реформалар оң нәтижесін бере бастағанын осыдан аңғаруға болады. Осы рейтингтегі Қазақстанның өз позициясын едәуір жақсартқан тағы бір бағыты – «Негізгі құқықтарды қорғау» және «Қылмыстық сот». Бұл бағыт бойынша біздің ел 6-7 позицияға ілгерілеген. Бұл Президенттің саяси реформа жолындағы қажырлы еңбегінің нәтижесі деп ойлаймын, - деді сарапшы.

Алуа Жолдыбалинаның айтуынша, халықаралық сарапшылар еліміздегі бүгінгі саяси оң өзгерістерді мойындап, әділ бағасын беруде.

Бір ғана «Электронды үкімет» рейтингісін алайық. Қазақстан 2018 жылы 39-орынды иеленсе, 2020 жылы 29-орынға, 2022 жылы 28-орынға көтерілді.

Президенттің орынды әрі уақытылы жүргізген саяси реформаларының халықаралық тұрғыдан оң бағалануының тағы бір дәлелі – Economist Intelligence Unit (EIU) зерттеу ұйымы жүргізетін Индекс демократиясы. Егер 2018 жылы Қазақстан 141-орында болса, 2021 жылғы зерттеу бойынша 128-орынға шығып, өз рейтингісін небәрі 4 жылда 13 позицияға жақсартқан.

Осының бәрі Президент бастамасымен 2019 жылдан бастау алған саяси реформалардың нәтижесі. Биыл аудан әкімдерін сайлау, алғаш рет Мәжіліс пен мәслихаттан сайланған депутаттар арасында әйелдер мен жастарға арналған 30% квота бөлу – Қазақстанның халықаралық рейтинг пен индекстерде өз позициясының одан ары нығаюына септігін тигізеді, - деді сарапшы.