Саясат

«Ауыл» партиясынан Астана қаласы мәслихатына депутаттыққа үміткерлер кандидат куәлігін алды

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Астана қаласы бойынша мәслихат депутаттығына ұсынылған үміткерлер ресми тіркелді, деп хабарлады Elorda.info.

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының мәслихат депутаттығына ұсынылған үміткерлері ресми тіркелді. Астана қаласы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Бақыт Бектемісова саяси ұйым мүшелеріне кандидаттық куәліктерін тапсырды. Олардың ең жасы жиырма төртте болса, ал үлкені 58 жаста.

Айта кетейік, 18 ақпан күні 18:00-де кандидаттарды тіркеу аяқталады. Сол сәттен бастап тізімге енген азаматтар сайлауалды насихат жұмысын жүргізеді.

-->

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясының тізімінде – 7 адам. Бұл партия саяси алаңда жаңа партия емес. Олардың қатарында экс-депутаттар да бар. Жалпы қала мәслихатына депутаттыққа 6 партия ұсынылды. Бүгін 5-ші партия ресми тіркелді, - деді Астана қаласы аумақтық сайлау комиссиясынын төрағасы.