Жер сілкінісі: Түркия елшісі көмегі үшін Қазақстанға алғыс білдірді
Түркияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Уфук Екиджи Қазақстанға көмегі үшін алғыс айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Еске салсақ, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында бірқатар жойқын жер сілкінісі болып, Сирияның бірнеше провинциясы да зардап шекті. Жер сілкінісінің магнитудасы 7 балдан жоғары болды.
Табиғи апаттар салдарынан Түркияда көптеген ғимарат қирады.
-->Түркияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Уфук Екиджи Қазақстанға көмегі үшін алғыс айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Қазақстандық бауырларымыздың алғашқы сәттен-ақ жауап қайтарып, жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін айтқаны бізді қуантты. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа және Қазақстанның басқа да мемлекеттік органдарына қолдаулары мен тілектері үшін алғысымды білдіремін, - деді Түркия елшісі Астанада өткен брифингте.