Мұхтар Тілеуберді Қазақстандағы Түркия елшілігіне барды
Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстандағы Түркия Республикасының елшілігіне барды, деп хабарлады Elorda.info.
М. Тілеуберді министрліктің және жеке өзінің атынан түрік халқына көптеген адам шығынына байланысты қолдау білдіріп, көңіл айту кітабына жазба қалдырды.
-->Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстандағы Түркия Республикасының елшілігіне барды, деп хабарлады Elorda.info.
М. Тілеуберді министрліктің және жеке өзінің атынан түрік халқына көптеген адам шығынына байланысты қолдау білдіріп, көңіл айту кітабына жазба қалдырды.
Түркияда орын алған ірі жер сілкінісі салдарынан адамдардың қаза болуына орай орны толмас ауыр қайғыға ортақтасып, бауырлас түрік халқына қайғырып көңіл айтамын! Алла Тағаладан қаза тапқандардың жандары жаннатта болуын, зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуін тілеймін, – деп жазды сыртқы саяси ведомствоның басшысы.