Саясат

Тоқаев Түркияға шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

-->

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Мемлекет басшысы Үкіметке жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркия Республикасына шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды.

Сонымен қатар Қазақстанның өкілетті органдары түрік тарапымен бірлесіп, зілзаланың зардабын жою үшін қосымша көмек көрсету мәселесін қарастырып жатыр, - делінген Ақорданың ресми хабарламасында.