Саясат

Әсет Ерғалиев халықаралық БАҚ өкілдерімен кездесті

Бүгін шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен өткен брифингте Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев ведомствоның қызметі және еліміздегі ауқымды өзгерістер жайлы айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстан өзінің дамуының жаңа дәуіріне аяқ басты. Мемлекет басшысы саяси және экономикалық жүйелерді түбегейлі реформалауға бастамашы болды. Қазақстандықтар бұл бастамаларды жалпыұлттық референдум мен президенттік сайлауда қолдады.

​Әсет Ерғалиевтің айтуынша, экономикалық реформалар саяси өзгерістермен қатар жүреді. Олар экономиканы диверсификациялауға, кәсіпкерлік қызметті ынталандыруға және инвестициялар тартуға бағытталған. 

Қажетті жағдайлар жасау мақсатында құқықтың үстемдігін қамтамасыз ету, адал бәсекелестік пен экономикалық бостандықтарды дамыту жөніндегі шаралар пакеті іске асуда.

Мәселен, жаңа Бюджет және Салық кодекстерін қалыптастыру, сот және құқық қорғау жүйелерін жаңғырту, кәсіпкерлік қызмет үшін тең жағдай мен мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, сондай-ақ инфрақұрылым мен өнеркәсіпті дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Адами капиталды дамыту мәселелеріне көп көңіл бөлінуде.

Жалпы саяси және экономикалық реформалардың синергиясы әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын арттыра отырып, елдің орнықты, сапалы және инклюзивті дамуын қамтамасыз етуге арналған.

Іс-шараға 10 елдің БАҚ өкілдері (Бельгия, Үндістан, Италия, Иран, Қырғыз Республикасы, Моңғолия, Пәкістан, Түркия, Тәжікстан және Оңтүстік Кореядан) қатысты.

-->