Сенаттың атқарар міндеті ауқымды – ғылыми қызметкер
Қоғамда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Сенатының отырысында сөйлеген сөзі белсенді талқыланып жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
Философия, саясаттану және дінтану институтының ғылыми қызметкері Шынар Бақытжанның сөзінше, Сенаттың жаңа құрамында Қазақстан халқы Ассамблеясына 5 квота берілген. Бұл жаңашылдық азаматтық қоғам дамуының кезеңі.
-->Қоғамда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Сенатының отырысында сөйлеген сөзі белсенді талқыланып жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
Философия, саясаттану және дінтану институтының ғылыми қызметкері Шынар Бақытжанның сөзінше, Сенаттың жаңа құрамында Қазақстан халқы Ассамблеясына 5 квота берілген. Бұл жаңашылдық азаматтық қоғам дамуының кезеңі.
Кеше құрамы жаңартылған ҚР Парламенті Сенатының отырысына Мемлекет басшысы қатысып, Сенат төрағасы сайланып, тұрақты комитеттердің атаулары бекітіліп, олардың төрағалары мен мүшелері тағайындалды.
Бұл палатаның маңыздылығын түсіну үшін - 1995 жылы бекітілген конституциялық заң бойынша Жоғарғы Соттың мүшелерін, Адам құқықтары жөніндегі уәкілді, Ұлттық банк төрағасын, Бас прокурорды, сондай-ақ ҰҚК, Конституциялық сот және Жоғары Сот кеңесінің төрағаларын тағайындау немесе орнынан босату тікелей Сенат құзыреттілігінде екенін білуіміз қажет.
Сенаттың жаңа құрамында Қазақстан халқы Ассамблеясына 5 квота берілген. Бұл жаңашылдық азаматтық қоғам дамуының кезеңі болсын деп тілейміз. Сенатқа келген ҚХА депутаттарынан Мемлекет мүддесін қорғай отырып, қазақстандықтардың бірлігін нығайтуға, қоғамдық бірлестіктердің, атап айтқанда этномәдени және этносаяси орталықтардың рөлін дамытуға бағытталған нақты қадамдар күтеміз.
Қазір Қазақстан үшін, жалпы әлем үшін геосаяси кереғар кезең екені белгілі. Әйтсе де, жаһандану заманында көпэтносты, мультимәдениетті ел болу – осалдық емес, керісінше басымдылық екенін түсінуіміз керек. Осы тұста геосаяси ахуалды ескере отырып, ҚХА депутаттар корпусының ең басты міндеті – Қазақстан халқының бірлігін сақтап, мемлекеттілігімізді одан әрі нығайту тарихи міндеті жүктелуде десек те артық болмас, — деді Шынар Бақытжан.