Саясат

Президент: Сайлау елді бөлетін емес, біріктіретін науқан болуы керек

Мемлекет басшысы Қазақстанда пікір алуандығына ешқандай шектеу қойылмайтындығын айтты, деп хабарлады Elorda.info.

-->

Мемлекет басшысы Қазақстанда пікір алуандығына ешқандай шектеу қойылмайтындығын айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Бірнеше аптадан кейін саяси науқан басталады. Кандидаттар үгіт-насихат жұмысына кіріседі. Олар дауыс жинау үшін түрлі тәсілдерді қолданады. Бұл – қалыпты демократиялық үдеріс.

Қазақстанда пікір алуандығына ешқандай шектеу қойылмайды. Заңға қайшы келмейтін барлық іс-әрекетке рұқсат беріледі. Дегенмен, бір нәрсені бәріміз қаперде ұстауымыз керек. Сайлау елді бөлетін емес, біріктіретін науқан болуы керек.

Тағы да айтқым келеді: үміткерлер қоғамға іріткі салатын әрекеттен аулақ болғаны жөн. Аңдамай айтылған артық сөз немесе ойланбай жасалған оқыс қадам бүкіл елдің болашағына кесірін тигізеді. Әрбір отандасымыз осыны дұрыс түсінуге тиіс, – деді Қ.Тоқаев.