ҚСЗИ бас сарапшысы алдағы сайлаудың ерекшеліктері туралы айтты
Президент жанындағы ҚСЗИ бас сарапшысы Әмина Үрпекова биылғы 19 наурызға белгіленген Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарының депутаттарын сайлауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Elorda.info.
Оның айтуынша, биылғы саяси науқанның ерекшелігі – оның аралас сайлау жүйесі бойынша өтуінде. Онда 69 депутат партиялық тізімдер негізінде пропорционалды жүйе бойынша және 29 депутат бір мандатты сайлау округтері бойынша сайланады. Аралас сайлау жүйесінің артықшылықтарына сайлаушының енді партияға дауыс беру арқылы белгілі бір саяси бағдарламаға, сондай-ақ өз аймағынан белгілі бір кандидатқа артықшылық беру мүмкіндігі бар.
ҚСЗИ бас сарапшысының пікірінше, осылайша, саяси мүдделердің өкілдігі сақталады және сайлаушының белгілі бір аймақтан сайланған депутатпен байланысы нығаяды. Сонымен қатар сайлаушылар бір мандатты округ бойынша сайланған өз депутатын қайтарып алу мүмкіндігіне ие болады, бұл депутаттар жұмысының тиімділігіне, олардың азаматтар үшін ашықтығы мен қолжетімділігіне оң әсер етеді деп жоспарланып отыр.
#менсайлауғабарамын, #мендауысберемін, #сайлау202
-->Президент жанындағы ҚСЗИ бас сарапшысы Әмина Үрпекова биылғы 19 наурызға белгіленген Парламент Мәжілісі мен мәслихаттарының депутаттарын сайлауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Elorda.info.
Оның айтуынша, биылғы саяси науқанның ерекшелігі – оның аралас сайлау жүйесі бойынша өтуінде. Онда 69 депутат партиялық тізімдер негізінде пропорционалды жүйе бойынша және 29 депутат бір мандатты сайлау округтері бойынша сайланады. Аралас сайлау жүйесінің артықшылықтарына сайлаушының енді партияға дауыс беру арқылы белгілі бір саяси бағдарламаға, сондай-ақ өз аймағынан белгілі бір кандидатқа артықшылық беру мүмкіндігі бар.
ҚСЗИ бас сарапшысының пікірінше, осылайша, саяси мүдделердің өкілдігі сақталады және сайлаушының белгілі бір аймақтан сайланған депутатпен байланысы нығаяды. Сонымен қатар сайлаушылар бір мандатты округ бойынша сайланған өз депутатын қайтарып алу мүмкіндігіне ие болады, бұл депутаттар жұмысының тиімділігіне, олардың азаматтар үшін ашықтығы мен қолжетімділігіне оң әсер етеді деп жоспарланып отыр.
Заң шығарушы органның мүшелерін сайлаудың мұндай жүйесі әлемнің басқа елдерінде де жұмыс істейді. Жаңа Зеландия, Германия, Жапония, Оңтүстік Корея, Литва, Мексика, Ұлыбритания және т.б. Әрине, аталған елдердің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері, айрықша белгілері бар, бірақ тұтастай алғанда аралас сайлау жүйесі пропорционалды және мажоритарлық жүйелердің жағымды жақтарын өзіне сіңіріп, олардың кемшіліктерін теңестіруге мүмкіндік береді деп саналады.
Сонымен қатар жаңа жүйе саяси өмірді жандандыра отырып, елдегі партиялық жүйе мен көппартиялылықтың дамуына серпін береді. Мысалы, Жаңа Зеландияда аралас жүйе енгізілгеннен кейін Парламентте этникалық, тілдік азшылықтарды білдіретін кішігірім саяси партиялар өкілдік алды.
Осылайша, 2023 жылғы парламенттік сайлау саяси партиялардың, саяси белсенді азаматтардың қазақстандық сайлаушылармен қарым-қатынасының жаңа жүйесін іске қосады, – деп атап өтті Әмина Үрпекова.
#менсайлауғабарамын, #мендауысберемін, #сайлау202