Сенаторлар цифрлық майнингке қатысты заңды Мәжіліске қайтарды
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар цифрлық активтер мен майнинг туралы бірқатар заңды қарады және өздерінің депутаттық сауалдарын жолдады, деп хабарлады Elorda.info.
Нақты айтқанда, отырыс барысында «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрлық активтер, ақпараттандыру және соттық әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», сондай-ақ, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заңдар қаралды.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бұл заңдарды Парламенттің бір топ депутаты әзірлеген. Заңдардың мақсаты – цифрлық майнингті құқықтық реттеу мәселелерін шешу. Соның аясында аталған құжаттар елімізде цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналымына, цифрлық майнинг жөніндегі қызметті дамытуға қажетті құқықтық база құруды көздейді. Сол арқылы заңдар цифрлық активтердің заңды нарығын қалыптастыруға, осы салаға шетелдік инвестицияларды тартуға және Қазақстан экономикасын дамытуға ықпал етпек.
Сенаторлар қаралған заңдарды концептуалды түрде қолдайтындарын білдірді. Алайда, оларды қарау барысында депутаттар жекелеген баптарға бірқатар өзгеріс енгізді. Осыған орай заңдарды сенаторлардың ұсыныстарымен Мәжіліске қайтару туралы шешім қабылданды.
Сонымен қатар отырыс кезінде сенаторлар депутаттық сауалдарын жолдап, маңызды мәселелерге назар аударды.
-->Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Онда сенаторлар цифрлық активтер мен майнинг туралы бірқатар заңды қарады және өздерінің депутаттық сауалдарын жолдады, деп хабарлады Elorda.info.
Нақты айтқанда, отырыс барысында «Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне цифрлық активтер, ақпараттандыру және соттық әкімшілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», сондай-ақ, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспе заңдар қаралды.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бұл заңдарды Парламенттің бір топ депутаты әзірлеген. Заңдардың мақсаты – цифрлық майнингті құқықтық реттеу мәселелерін шешу. Соның аясында аталған құжаттар елімізде цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналымына, цифрлық майнинг жөніндегі қызметті дамытуға қажетті құқықтық база құруды көздейді. Сол арқылы заңдар цифрлық активтердің заңды нарығын қалыптастыруға, осы салаға шетелдік инвестицияларды тартуға және Қазақстан экономикасын дамытуға ықпал етпек.
Сенаторлар қаралған заңдарды концептуалды түрде қолдайтындарын білдірді. Алайда, оларды қарау барысында депутаттар жекелеген баптарға бірқатар өзгеріс енгізді. Осыған орай заңдарды сенаторлардың ұсыныстарымен Мәжіліске қайтару туралы шешім қабылданды.
Қаралған заңдарда цифрлық активтер саласындағы қағидаттар мен уәкілетті органдардың құзыреті белгіленеді. Сондай-ақ цифрлық майнинг жөніндегі қызметтің негізі, оны лицензиялау мәселесі және цифрлық активтер биржасының қызметі реттеледі. Аталған заңдар арқылы цифрлық активтер саласындағы мемлекеттік бақылау мен салық төлеудің ерекшеліктері де қарастырылады. Сенат ұсынған түзетулер заңдардың жекелеген ережелерін жетілдіруге бағытталған. Алдағы уақытта осы заңдар цифрлық кеңістікті дамытуға және цифрлық технологияларды мемлекет пен халықтың мүддесін ескере отырып тиімді қолдануға заңнамалық мүмкіндік береді деп сенеміз, – деді Мәулен Әшімбаев.