Саясат

Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының басшысына бірқатар міндет жүктеді

Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұровты қабылдады, деп хабарлады Elorda.info.

Президентке қаржы нарығын, капитал нарықтары мен қызметтерін дамытуға қатысты АХҚО-ның жоспары баяндалды. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысын жандандыру жөнінде бірқатар міндет жүктеді. Атап айтқанда, шетелден инвестиция тартуға жан-жақты атсалысуды, жаңа қаржы құралдарын дамытуды және ел экономикасының орнықты дамуына ықпал етуді тапсырды.

-->