Саясат

Президент үш елмен келісімді ратификациялады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан, Түрікменстан және Біріккен Араб Әмірліктерімен келісімдерді ратификациялады, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына; «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстанның Үкіметі арасындағы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

-->