Мәжілісте алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды
Бүгін Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады Elorda.info.
Депутаттардың талқылауына бірінші оқылымда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы заң жобасы ұсынылады.
Тиісті заң жобасында жер заңнамасының жекелеген нормаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік белгілеу және жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдарға әкімшілік істерді қарау және тиісті жаза қолдану өкілеттіктерін беру көзделген.
Сонымен қатар күн тәртібінің жобасында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірісіне аудару тәртібін сақтау мәселелері бойынша бірлескен бақылау іс-шараларын өткізу туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы бар.
Алдағы жалпы отырыста депутаттар бірқатар заң жобасын жұмысқа алады. Олар: Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске түзетулер, экологиялық таза көлікті танымал ету және электромобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту мәселелері туралы және резервтегі қызмет мәселелері туралы заң жобалары.
-->Бүгін Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Палата Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады Elorda.info.