Саясат

Әрбір министрдің, әкімнің жұмысы статистикамен емес, нақты нәтижемен өлшенеді – Тоқаев

Бұл туралы бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

-->

Бұл туралы бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.

Жуырда өткен Президент сайлауы – бұл халықтың бізге артқан зор сенімі және қолдауы. Азаматтарымыз нақты оң өзгерістер бүгін және қазір болады деп үміттеніп отыр. Осы үміт пен сенімді ақтау – алдымызда тұрған ең басты міндет әрі қастерлі парыз.

Сондықтан, сайлау алдындағы бағдарламаны жүзеге асыру үшін арнайы жоспар қабылданды. Барлық іс-шара уақтылы және толық орындалуы керек. Әрбір министрдің, әкімнің жұмысы статистикамен, есеп-қисаппен емес, нақты нәтижемен өлшенетін болады, - деді Президент.