Президент Жоғарғы Соттың жаңа төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Жоғарғы Соттың жаңа төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Кездесу барысында сот жүйесін дамыту мәселелері талқыланды.
Жоғарғы Сот төрағасы заң үстемдігін қамтамасыз ету және азаматтардың судьяларға сенімін арттыру үшін сот жүйесін жетілдірудің концептуалды бағыттарына қатысты өз көзқарасын білдірді.
Қасым-Жомарт Тоқаев сот төрелігінің сапасын одан әрі жақсарту және Қазақстан халқына Жолдауында сот жүйесін жаңғыртуға қатысты айтылған бастамаларды тиімді жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.
-->Мемлекет басшысы Жоғарғы Соттың жаңа төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.