Сенат депутаттығына кандидат қанша жарна төлейді
Орталық сайлау комиссиясы 2023 жылдың 14 қаңтарында өтетін парламенттік сайлауда кандидаттарға қойылатын талаптарды жариялады, деп хабарлады Elorda.info.
Кандидаттар мынадай құжаттар болған жағдайда тіркеледі:
- мәслихат ұсынған жағдайда мәслихаттың депутаттыққа кандидат етіп ұсынуы туралы шешім;
- өзін-өзі ұсынған жағдайда азаматтың депутаттыққа кандидат болуға келісімі туралы өтініші;
- кандидаттың өмірбаяны:
- аумақтық сайлау комиссияларының таңдаушылардың кандидатты қолдап қойған қолдарын тексеру нәтижелері туралы хаттамасы:
- кандидат пен оның жұбайының кірістері мен мүлкі туралы декларация тапсырғаны туралы мемлекеттік кіріс органының анықтамасы;
- кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат.
Бұл ретте сайлау жарнасы 15 ең төменгі жалақыға немесе 900 мың теңгеге тең.
Констуцияға сәйкес, Қазақстан азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан адам парламент депутаты бола алады.
Сенат депутатына мынадай талаптар қойылады:
- жасы отызға толған;
- жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар;
- тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не астананың аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұратын.
Мына адамдар кандидат бола алмайды:
- сотталғандығы белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адам;
- сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған адам парламенттің, оның ішінде партиялық тізімдер бойынша, мәслихаттардың депутаттығына кандидат, сондай-ақ өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдары мүшелігіне кандидат бола алмайды.
Сенат депутаттығына кандидаттар ұсыну екі жолмен жүргізіледі.
Біріншісі – облыстық, республикалық маңызы бар қалалар мен астана, қалалық, аудандық мәслихаттар сессияларында. Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер өздерінің мәслихаттардағы өкілдері арқылы сенат депутаттығына кандидатуралар ұсынады. Бұл ретте бірнеше мәслихаттан бір кандидат ұсынылуы мүмкін.
Екіншісі – өзін-өзі ұсыну тәртібімен.
Сенат депутаттарын сайлау таңдаушылардың бірлескен отырысында жүргізіледі.
Егер бірлескен отырысқа тиісінше облыстың барлық мәслихатынан, республикалық маңызы қаланың немесе астана мәслихатынан өкіл болатын сайланған депутаттар санының 50 пайыздан астамы қатысса, ол заңды болады.
Егер сенат депутатын сайлау жөніндегі отырыста болған таңдаушылардың 50 пайыздан астамы дауыс беруге қатысса, ол өткізілген болып есептеледі.
Дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың 50 пайыздан астамының дауысын алған кандидат сайланған болып саналады.
Сенат сайлауының қорытындысын Орталық сайлау комиссиясы 7 күн ішінде анықтайды.
-->Орталық сайлау комиссиясы 2023 жылдың 14 қаңтарында өтетін парламенттік сайлауда кандидаттарға қойылатын талаптарды жариялады, деп хабарлады Elorda.info.