Елордада Сирия келіссөздері өтеді
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров елордада Сирия келіссөздері өтетінін айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Оқи отырыңыз: Ыстанбұлдағы жарылыстан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ – СІМ
Украинаның Қазақстандағы жаңа елшісінің кандидатурасы қарастырылып жатыр
СІМ өкілінің айтуынша, келіссөздерде төмендегі мәселелер талқыланады:
Сириядағы жағдай, оның ішінде гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық ахуал;
Саяси процесті кешенді ілгерілету;
Сенім шаралары, оның ішінде кепілге алынғандарды босату және із-түссіз жоғалғандарды іздеу;
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2 642 қарарына сәйкес, Сирияны қайта қалпына келтіру және сириялық босқындарды отанына қайтару үшін жағдай жасау мақсатында халықаралық қауымдастықтың күш-жігерін жұмылдыру.
Смадияровтың сөзінше, келіссөздер шеңберінде кепілгер елдердің, БҰҰ және халықаралық қызыл крест комитетінің қатысуымен мәжбүрлеп ұсталып отырған жұмыс тобының отырысы өтеді.
-->Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров елордада Сирия келіссөздері өтетінін айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Биыл 22-23 қарашада Астанада Астана форматында Сирия бойынша жоғары деңгейдегі кезекті 19-халықаралық кездесу өтеді. Келіссөздерге кепілгер елдер – Иран, Ресей және Түркия делегациялары, сондай-ақ Сирияның Үкіметі мен қарулы оппозициясының өкілдері қатысады. Байқаушы ретінде БҰҰ, Иордания, Ирак пен Ливан өкілдері қатысады деп жоспарланып отыр, - деді ол брифингте.
Оқи отырыңыз: Ыстанбұлдағы жарылыстан зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары жоқ – СІМ
Украинаның Қазақстандағы жаңа елшісінің кандидатурасы қарастырылып жатыр
СІМ өкілінің айтуынша, келіссөздерде төмендегі мәселелер талқыланады:
Сириядағы жағдай, оның ішінде гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық ахуал;
Саяси процесті кешенді ілгерілету;
Сенім шаралары, оның ішінде кепілге алынғандарды босату және із-түссіз жоғалғандарды іздеу;
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2 642 қарарына сәйкес, Сирияны қайта қалпына келтіру және сириялық босқындарды отанына қайтару үшін жағдай жасау мақсатында халықаралық қауымдастықтың күш-жігерін жұмылдыру.
Бірінші күні кепілгер елдердің (Иран, Ресей және Түркия) екіжақты және үшжақты консультациялары, Сирия Араб Республикасының Үкіметі мен қарулы сириялық оппозиция арасындағы келіссөздер, байқаушы тараптардың делегацияларымен кездесулер өтеді. Екінші күні консультацияларды жалғастыру, жалпы отырыс және баспасөз конференциясы жоспарлануда, - деді СІМ ресми өкілі.
Смадияровтың сөзінше, келіссөздер шеңберінде кепілгер елдердің, БҰҰ және халықаралық қызыл крест комитетінің қатысуымен мәжбүрлеп ұсталып отырған жұмыс тобының отырысы өтеді.