Саясат

«Нонсенс»: Мәжіліс депутаты Ауыл шаруашылығы вице-министрін сынға алды (ВИДЕО)

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Үкімет сағатында мемлекеттік тілде қойылған сауалға орысша жауап берген Ауыл шаруашылығы вице-министрін сынға алды, деп хабарлады Elorda.info

-->

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Үкімет сағатында мемлекеттік тілде қойылған сауалға орысша жауап берген Ауыл шаруашылығы вице-министрін сынға алды, деп хабарлады Elorda.info

Егер де сізге қойылған үш сұраққа, сіз де ауыл шаруашылығы министрлігіне, шекара қызметінің бірінші орынбасарына қойылғандай қазақ тілінде қойылған сұраққа орыс тілінде жауап беретін болсаңыз, онда жауап қайтармай-ақ қойсаңыз болады. Өзге вице-министрден қағаз түріндегі жауапты өзім алып аламын. Мемлекеттік қызметкердің мемлекеттік тілдегі қойылған қазақша сұрағына, өзге тілде, орыс тілінде жауап беруін нонсенс деп санаймын. Рақмет! – деді депутат.