Атырау әрбір тұрғынға қолайлы, таза, заманауи қалаға айналуға тиіс – Тоқаев
Президент Атырау жұртшылығымен кездесуінде «қуатты өңірлер – қуатты ел» қағидатын ұстанатынын айтып, облыстың өркендеуіне тың серпін беретін бірқатар мәселеге тоқталды. Ең алдымен, өңір экономикасын әртараптандыру қажет екенін атап өтті, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
Президент мұнай қоймаларын барынша көбейту аса өзекті мәселе екенін айтты. Қазір біз дайын мұнайды бірден экспортқа шығаруға мәжбүрміз. Осыған орай «Қазмұнайгазға» экологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, Атырау өңірінде үлкен мұнай қоймасын салу мәселесін қарастыруды тапсырды.
Мемлекет басшысы облыстағы балық шаруашылығын дамыту мәселесіне назар аударды. Өңірде балық өңдеу және одан дайын өнім шығару ісі дамып жатыр. Әйтсе де балық шаруашылығын одан әрі өркендету үшін бірқатар жүйелі шара қабылдау қажет.
Президент сондай-ақ Атырау облысындағы жолдардың сапасы сын көтермейтінін айтып, оның халық тұрмысына және экономикаға тікелей әсер ететін фактор екенін атап өтті.
Президент ауылдардың бір орталықтан берілетін сумен жабдықтау жүйесіне қосылмағанын сынға алды. Оның айтуынша, көптеген елді мекеннің тұрғындары таза суды кейде белгілі бір уақытта ғана алады.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев облыстағы денсаулық сақтау жүйесіндегі түйткілдерге тоқталды. Президенттің айтуынша, облыста өкпе және жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдыққан науқастардың саны көбейіп барады. Ана мен бала өлімі де аз емес. Бұған өңірдегі экологиялық ахуалдың нашарлығы, білікті дәрігерлердің тапшылығы себеп болып отыр.
Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамды алаңдатып отырған синтетикалық есірткі мәселесіне де тоқталды.
Бұдан бөлек, Президент өңірде білім беру және мәдениет саласын дамытуға айрықша көңіл бөлу керек екенін айтты.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы өңірдегі кәсіптік-техникалық және жоғары білім сапасын арттырып, осы бағыттағы оқу орындарын күшейту аса маңызды екенін жеткізді.
Президенттің пікірінше, Атырау әрбір тұрғынға қолайлы, таза, заманауи қалаға айналуға тиіс. Қалада кейбір нысандардың құрылысы көп жылдан бері тоқтап тұр. Он жыл бұрын салына бастаған Концерт залы әлі пайдалануға берілген жоқ. Тіпті, оның ғимараты жарамсыз күйге түсті. Үкімет әкімдікпен бірлесіп, осындай нысандарды құрылысын біржола шешуге тиіс.
Мемлекет басшысы Атырау өңірінің экологиялық ахуалына арнайы тоқталды. Әсіресе, Атырау мұнай өңдеу зауытының зиянды қалдықтары шекті нормадан жиі асып кететінін сынға алды. Сонымен қатар облыстағы алпауыт өндірістер орындары, әсіресе мұнай-газ компаниялары экология талаптарын қатаң сақтауы қажет екенін ескертті.
Президенттің айтуынша, Жайық өзенінің тартылуы да жұртты қатты алаңдатып отыр. Су деңгейі соңғы жылдары төмендеп, өзен аңғарының экологиялық ахуалы күрт нашарлап кеткен. Ал ластану көрсеткіші бойынша ең соңғы – бесінші дәрежеге жетті.
Президент мұнай мен газға ғана үміт артпай, өңірде туризм секілді болашағы зор саланы да дамыту қажет екенін жеткізді. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл жақта экологиялық және танымдық туризмді дамытуға мүмкіндік мол. Қиғаш өзенінің бойында лотос гүлдері өсетінін көбі біле бермейді. Ал Индердегі тұзды көлде емдеу-сауықтыру туризмін дамытуға болады.
Президент сөзін қорытындылай келе, Атырау облысының дамуына еңбек сіңірген бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады.
Атап айтқанда, еңбек ардагері Қайрат Ищанов II дәрежелі «Барыс» орденімен, «Атыраугидрогеология» ЖШС ғылыми кеңесшісі Едіге Сабуров «Парасат» орденімен, Атырау облыстық кардиохирургиялық орталығының директоры Марат Қонысов «Құрмет» орденімен, «Ембімұнайгаз» АҚ оператор Сафи Сәтмағамбетов III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен наградталды. «Ерен еңбегі үшін» медалі Д.Нұрпейісова атындағы академиялық оркестрдің домбырашысы Жәнібек Жәмиевке табысталды.
-->

Осы облыста «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағы құрылды. Онда жұмыс істейтін компанияларға салық және кеден жеңілдіктері беріледі. Сондай-ақ инвестиция тарту үшін мемлекет тарапынан түрлі амал-тәсілдер қарастырылған. Басқа да ірі жобаларды жүзеге асыру көзделген. Олар инфрақұрылымды дамытуға, инвестициялар мен жаңа технологияларды тартуға жол ашады. Сонымен қатар бірнеше мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Аталған жобалар өңірдің экономикасын әртараптандыру үшін өте маңызды. Үкімет және әкімдік инвесторлармен бірлесіп олардың тезірек іске қосылуын қамтамасыз етуге тиіс, – деді Мемлекет басшысы.
Президент мұнай қоймаларын барынша көбейту аса өзекті мәселе екенін айтты. Қазір біз дайын мұнайды бірден экспортқа шығаруға мәжбүрміз. Осыған орай «Қазмұнайгазға» экологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтай отырып, Атырау өңірінде үлкен мұнай қоймасын салу мәселесін қарастыруды тапсырды.
Энергетика министрлігі мұнай өндіретін ірі компаниялармен қойманың құрылысына қатысты келіссөздер жүргізуі керек. Мұнай саласындағы еңбек нарығында шұғыл шешілуге тиіс мәселелер бар. Келешекте жұмыссыздықтың пайда болуына жол бермеуіміз керек. Бұл өте маңызды мәселені Үкімет өз назарында ұстауы қажет. Осы мәселе бойынша негізгі шетел компанияларымен бірге жұмыс істеуге тиіс. Үкіметке осы шаруаны шұғыл қолға алуды тапсырамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы облыстағы балық шаруашылығын дамыту мәселесіне назар аударды. Өңірде балық өңдеу және одан дайын өнім шығару ісі дамып жатыр. Әйтсе де балық шаруашылығын одан әрі өркендету үшін бірқатар жүйелі шара қабылдау қажет.
Ең алдымен, бекіре тұқымдас балықтың санын көбейтуге баса мән берген жөн. Әлемдік нарықта оған сұраныс өте жоғары. Биыл Жайыққа 8,5 миллион шабақ жіберілді. Бұл жұмысты жалғастыру қажет. Мемлекет қарамағында бекіре өсіретін екі зауыт бар. Осы кәсіпорындардың тозығы жетіп, құрал-жабдығы әбден ескірген. Зауыттарды заман талабына сай етіп жаңғырту керек. Сондай-ақ шабақ өсіретін жоғары технологиялы жаңа зауыттар салу үшін инвестиция тарту аса маңызды. Жайық және Қиғаш өзендерінің тартылуы күрделі мәселе болып тұр. Қазір екі өзеннің сағасындағы судың тереңдігі – небәрі 30-40 сантиметр. Бұл жағдай бекіренің уылдырық шашуына да кедергі келтіруде. Сондықтан Үкімет осы өзендердің сағасын тереңдетуді қамтамасыз етуге тиіс, – деді Президент.
Президент сондай-ақ Атырау облысындағы жолдардың сапасы сын көтермейтінін айтып, оның халық тұрмысына және экономикаға тікелей әсер ететін фактор екенін атап өтті.
Жергілікті жолдардың 72 пайызы ғана орташа күйде. Мұны төмен көрсеткіш деуге болады. Облыстағы республикалық маңызы бар жолдардың сапасы да жақсы емес. «Атырау – Астрахань» күре жолын жөндеу жұмыстары баяу жүріп жатыр. Үкімет оны уақытылы және сапалы аяқтауды қамтамасыз етуге тиіс. Жалпы, облыстағы шұрқ тесік жолдар талай рет жұрттың сынына ұшырады. Бірақ содан ешқандай нәтиже жоқ, тиісті мекемелер өз жұмысын дұрыс орындамайды. Ауданаралық, облысаралық жолдардың сапасы жақсармаса, аймақтарды дамыту туралы айтудың өзі қиын. Сондықтан жол құрылысы менің жеке бақылауымда болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент ауылдардың бір орталықтан берілетін сумен жабдықтау жүйесіне қосылмағанын сынға алды. Оның айтуынша, көптеген елді мекеннің тұрғындары таза суды кейде белгілі бір уақытта ғана алады.
Инфрақұрылым желісі әбден тозғандықтан, осындай ахуал қалыптасып отыр. Мысалы, Атырауды және Мақат ауданын сумен қамтамасыз ететін тазарту жүйесі апатты жағдайда тұр. Алдағы бес жылда тұщы су тапшылығы 40 пайызға жетуі мүмкін. Сондықтан Үкімет пен облыс әкімдігі сумен қамтамасыз ету жүйесін жаңғыртуға баса назар аударуы қажет. Су сүзетін екі жаңа станцияны тезірек іске қосу керек. «Астрахань – Маңғыстау» су құбырының 80 пайызы әбден тозған. Оны жаңғырту жұмыстарын тездету қажет. Сонымен бірге Үкімет Еділден жаңа су құбырын тарту мәселесі бойынша банктермен, қаржы институттарымен келіссөздерді жандандыруға тиіс. Аймақтағы суару каналдарының көпшілігі тозып тұр. Биыл үш каналды жөндеуге республикалық бюджеттен қаржы бөлінді. Тағы он бір каналды қалпына келтіру керек. Үкіметке алдағы екі жылда осы жобаларға қаржы бөлу мәселесін қарастыруды тапсырамын, – деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев облыстағы денсаулық сақтау жүйесіндегі түйткілдерге тоқталды. Президенттің айтуынша, облыста өкпе және жүрек-қан тамырлары ауруларына шалдыққан науқастардың саны көбейіп барады. Ана мен бала өлімі де аз емес. Бұған өңірдегі экологиялық ахуалдың нашарлығы, білікті дәрігерлердің тапшылығы себеп болып отыр.
Басты міндеттің бірі – медициналық инфрақұрылымды жақсарту. Атырау қаласында емхана ғимараттары тапшы. Облыстағы медицина мекемелерінің 40 пайызға жуығы осындай жағдайда жұмыс істеп жатыр. Психикалық денсаулық орталығы, онкологиялық диспансер, жедел жәрдем станцияларының жағдайы сын көтермейді. Тіпті, бұл мекемелердің ғимараттары пайдалануға жарамсыз. Осы мәселенің бәрін шұғыл шешу қажет. Ең алдымен, өңірге медицина мамандарын тарту үшін арнайы бағдарлама әзірлеу керек. Жергілікті кадрлардың біліктілігін арттыру маңызды. Сондай-ақ облыстық перзентхананы күрделі жөндеуден өткізіп, жабдықтаған жөн. Атырауда жаңа онкологиялық диспансер салу мәселесін пысықтау қажет. Облыста бірқатар денсаулық сақтау нысанының құрылысы жоспарланып отыр. Құрылыс жұмыстарын келесі жылы бастау керек, – деді Президент.
Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамды алаңдатып отырған синтетикалық есірткі мәселесіне де тоқталды.
Мен синтетикалық есірткі мәселесіне ерекше назар аударғым келеді. Өкінішке қарай, адам психикасына әсер ететін заттар тез таралып бара жатыр. Бұл – өте қауіпті үрдіс. Қазақстанда есірткіге тәуелді 110 мың адам есепте тұр. Оның ішінде балалар да бар. Бұл – біз білетін мәлімет қана. Осы ретте Ішкі істер министрлігінің есірткіге қарсы күресті тиімді жүргізуін талап етемін. Біз бүкіл қоғам болып бұл кеселге қарсы табанды түрде күресуге тиіспіз, – деді Мемлекет басшысы.
Бұдан бөлек, Президент өңірде білім беру және мәдениет саласын дамытуға айрықша көңіл бөлу керек екенін айтты.
Облыста апатты жағдайда тұрған және үш ауысыммен оқытатын мектептер мәселесі әлі шешімін таппай отыр. Балабақшалар да жетіспейді. Қазір 17 мыңға жуық бала кезекте тұр. Бұл мәселелерді шешуге қажетті қаржы қарастырылған. Сонымен қатар келесі жылы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен 11 мектеп салынады. Бұған республикалық бюджеттен қаржы бөлінеді. Білім беру инфрақұрылымын жаңғыртуға қатысты жоспарды толық орындау керек. Үкімет және әкімдік оның уақтылы және сапалы жүзеге асырылуын қатаң бақылауға тиіс, – деді Президент.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы өңірдегі кәсіптік-техникалық және жоғары білім сапасын арттырып, осы бағыттағы оқу орындарын күшейту аса маңызды екенін жеткізді.
Мен қыркүйектегі Жолдауымда осыған қатысты бірқатар міндет жүктедім. Менің бастамаммен Атырауда Ресейдің Губкин атындағы мұнай-газ университетінің филиалы ашылды. Аталған университеттің түлектеріне еңбек нарығында сұраныс көп болады деп сенемін. Менің тапсырмаммен Қазақстанның іргелі жоғары оқу орындарында білім алу үшін батыс аймақтардың жастарына 10 мың грант бөлінді. Бірақ осы гранттармен оқуға түскен бала көп емес. Мен бұл туралы кеше Ақтауда да айттым. Атырау облысына бөлінген 4 мың гранттың 800-ге жуығы ғана игерілген. Бұл – өте төмен көрсеткіш, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президенттің пікірінше, Атырау әрбір тұрғынға қолайлы, таза, заманауи қалаға айналуға тиіс. Қалада кейбір нысандардың құрылысы көп жылдан бері тоқтап тұр. Он жыл бұрын салына бастаған Концерт залы әлі пайдалануға берілген жоқ. Тіпті, оның ғимараты жарамсыз күйге түсті. Үкімет әкімдікпен бірлесіп, осындай нысандарды құрылысын біржола шешуге тиіс.
Мемлекет басшысы Атырау өңірінің экологиялық ахуалына арнайы тоқталды. Әсіресе, Атырау мұнай өңдеу зауытының зиянды қалдықтары шекті нормадан жиі асып кететінін сынға алды. Сонымен қатар облыстағы алпауыт өндірістер орындары, әсіресе мұнай-газ компаниялары экология талаптарын қатаң сақтауы қажет екенін ескертті.
Президенттің айтуынша, Жайық өзенінің тартылуы да жұртты қатты алаңдатып отыр. Су деңгейі соңғы жылдары төмендеп, өзен аңғарының экологиялық ахуалы күрт нашарлап кеткен. Ал ластану көрсеткіші бойынша ең соңғы – бесінші дәрежеге жетті.
Мен осы күрделі мәселені бірнеше рет халықаралық деңгейде көтердім. Қазақстан мен Ресейдің арасында бірнеше келісімшартқа қол қойылды. Экологияны, трансшекаралық өзендердің биоәлемін сақтау және оны тиімді пайдалану тәртібін реттейтін құқықтық негіз бар. Көрші елмен осы бағыттағы әріптестікті нығайтып, келісімдердің мүлтіксіз орындалуына күш салу керек, – деді Мемлекет басшысы.