Саясат

Сенатта Конституциялық заңдардың жобалары қаралады

Парламент Сенатының бюросы 3 қарашада өтетін Палата отырысының күн тәртібін бекітті, деп хабарлады Elorda.info. 

Ведомствоның мәліметіне қарағанда, алдағы бейсенбіде сенаторлар Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыруды қамтамасыз етуге арналған бірқатар заң жобасын қарайды.

Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы», «Прокуратура туралы», «Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» конституциялық заңдардың жобалары Сенат отырысының күн тәртібіне енгізілді.

Одан бөлек, Бюро отырысында Мәжілістен келіп түскен заң жобалары Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөлініп берілді.

-->