Тоқаев елорда әуежайынан Түркия Президентін күтіп алды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанды елорда әуежайында күтіп алды, деп хабарлады Elorda.info Президент баспасөз қызметінің БОРТ №1 телеграм-арнасына сілтеме жасап.
Естеріңізге сала кетейік, Режеп Тайип Ердоған елімізге екі күндік мемлекеттік сапары аясында Қазақстан Президентімен екіжақты кездесу өткізіп, Қазақстан мен Түркия арасындағы жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 4-отырысына қатысады.
Келіссөз барысында өзекті өңірлік және халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасып, тараптар екіжақты инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылайды.
Сонымен бірге, Түркия Республикасының басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне де қатысады.
-->Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанды елорда әуежайында күтіп алды, деп хабарлады Elorda.info Президент баспасөз қызметінің БОРТ №1 телеграм-арнасына сілтеме жасап.