Елшілік Қазақстан азаматтарын Украина аумағынан кетуге шақырды
Қазақстанның Украинадағы елшілігі осы елде тұратын қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлады Elorda.info.
Елшілік, сондай-ақ Қазақстан азаматтарын мүмкіндігінше Украина аумағынан кетуге шақырады.
-->Қазақстанның Украинадағы елшілігі осы елде тұратын қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлады Elorda.info.
Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары! Украинаның барлық аумағында азаматтық инфрақұрылым мен мемлекеттік нысандарға шабуылдың күшеюіне байланысты Қазақстан Республикасының Елшілігі өз азаматтарын Украинаға барудан бас тартуға, ал елде жүргендерді әуе шабуылы дабылына мұқият мән беруге, өз баспанасында және бомбапанада қалуға шақырады, - делінген хабарламада.
Елшілік, сондай-ақ Қазақстан азаматтарын мүмкіндігінше Украина аумағынан кетуге шақырады.