Саясат

Есеп комитеті 3,4 трлн теңге бюджет қаражатын қамтитын 17 аудиторлық тексеру жүргізді

Мемлекет басшысы Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованы қабылдады, деп хабарлады Elorda.info Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Наталья Годунова Президентке:

Есеп комитетінің биылғы 9 айда атқарған жұмысы туралы баяндады (осы кезеңде барлығы 3,4 триллион теңге бюджет қаражатын қамтитын 99 объектіде 17 аудиторлық тексеру жүргізілген);

2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын бағалаудың негізгі нәтижелері туралы мәлімет берді (онда даму бюджетінің 3,5 триллион теңге қаржысы қамтылған);

Салық жеңілдіктерінің тиімділігіне жүргізілген аудиттің алдын ала қорытындыларын ұсынды.

Президент мемлекеттік аудит жүйесін одан әрі дамытуға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

-->