Сенатта жаһандық жасыл өсу институтын құру туралы Заң жобасы қабылданды
Парламент сенатының отырысында «Жаһандық жасыл өсу институтын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасы қабылданды, деп хабарлады Elorda.info.
Министр елімізде халықаралық қаржы құралдары, қорлары және ұйымдарымен жұмыс қарқыны өсетінін жеткізді.
-->Парламент сенатының отырысында «Жаһандық жасыл өсу институтын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Заң жобасы қабылданды, деп хабарлады Elorda.info.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Оңтүстік Кореяға сапарының қорытындысы бойынша берілген тапсырманы орындау мақсатында Жаһандық жасыл өсу институтына қосылу жөніндегі заң жобасы әзірленді. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында декарбонизациялау саясаты аясында 2060 жылға дейінгі көміртекті бейтараптық стратегиясы әзірленуде. Жаңа экологиялық кодекс қабылданып, өнеркәсіп салаларының ең озық қолжетімді технологияларға көшу жөніндегі реформаға жол ашты. Бұл - жасыл инвестиция тартылып, жасыл қаржы көзі нарығы арқылы төмен көміртекті жобалар енгізіледі деген сөз, - деді Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Сенаттың жалпы отырысында.
Министр елімізде халықаралық қаржы құралдары, қорлары және ұйымдарымен жұмыс қарқыны өсетінін жеткізді.
Жаһандық жасыл өсу институты дамыған және дамушы экономикасы бар елдерге жасыл өсу саласындағы жоспарлар мен саясаттарды іске асыруға жәрдемдеседі.Институттың негізі 2010 жылы қаланған және негізгі қызметі «жасыл өсу» деп аталатын экономикалық өсудің жаңа моделін қолдайтын халықаралық ғылыми-зерттеу орталығы болып табылады, - деді С.Брекешев.