Еліміздің барлық елді мекенінде таза су қолжетімді болуға тиіс –Тоқаев
Биыл Павлодар облысында таза сумен қамтуға қатысты 19 жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аймақ жұртшылығымен кездесуінде мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.
-->Биыл Павлодар облысында таза сумен қамтуға қатысты 19 жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аймақ жұртшылығымен кездесуінде мәлім етті, деп хабарлады Elorda.info.
Үш жылда ауылдағы ағайынды таза сумен қамту көрсеткіші 55-тен 94 пайызға дейін өсті. Биыл аймақта осындай 19 жоба жүзеге асырылып жатыр. Әкімдік келесі жылы құны 14 миллиард теңге болатын тағы 39 жобаны қолға алуды ұсынып отыр. Осыған орай, Үкіметке қаржы бөлуді тапсырамын. Жалпы, еліміздің барлық елді мекенінде таза су қолжетімді болуға тиіс. Мен былтырғы Жолдауымда 5 жылдың ішінде қалалар мен ауылдарды 100 пайыз сумен қамтамасыз етуді тапсырдым. Үкімет осы міндеттің орындалуын ерекше бақылауға алуы керек, - деді Президент.