«Іздеу-2022»: Қазақстанда ҰҚШҰ оқу-жаттығуы өтіп жатыр
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің барлау органдары мен бөлімшелері «Іздеу-2022» арнайы оқу-жаттығуына қатысып жатыр, деп хабарлады Elorda.info Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Бірлескен оқу-жаттығу Жамбыл облысындағы «Мәтібұлақ» және «Гвардейск» полигондарында өтіп жатыр.
«Іздеу-2022» оқу-жаттығуының мақсаты бойынша басқару органдары мен контингенттер бөлімшелері ҰҚШҰ-ның Ұжымдық қауіпсіздік өңіріндегі қарулы қақтығысты оқшаулау іс-қимылын пысықтайды.
Оқу-жаттығу барысында Жедел әрекет ету ұжымдық күштерін топтастыру және бірлескен операцияны дайындауда тез өзгеретін жағдайды ескере отырып, үздіксіз барлау жүргізу де ұйымдастырылды.
ҰҚШҰ-ның Ұжымдық жедел әрекет ету күштерінің қолбасшысы қабылдаған шешімді орындау кезінде барлаушыларға арнайы барлау құралдарын қолдана отырып, қарсыластың жасақтарын анықтау міндеттері жүктелді.
-->Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің барлау органдары мен бөлімшелері «Іздеу-2022» арнайы оқу-жаттығуына қатысып жатыр, деп хабарлады Elorda.info Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.