Егер Тоқаев сенім артса, сенімді өкілі болуға дайынмын – Мәулен Әшімбаев
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстан президентін кезектен тыс сайлау кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілі болуына дайын екенін айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Еске сала кетейік, 2019 жылы М.Әшімбаев сайлау кезінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілі болған еді.
-->Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстан президентін кезектен тыс сайлау кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілі болуына дайын екенін айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Еске сала кетейік, 2019 жылы М.Әшімбаев сайлау кезінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді өкілі болған еді.
Егер Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы сенімді өкіл болуыма және басқа да өкілдірмен бірге сайлау науқанына қатысуыма сенім артса, онда бұл қызметті атқаруға дайынмын. Бұл іс-шаралар заң аясында өткізіледі. Бұл нормалар заңда ескерілген. Егер осындай міндет жүктелсе, сайлау науқанына белсенді түрде қатысып, Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлау алдындағы бағдарламасының негізгі тезистерін азаматтар мен қоғамға жеткіземін, – деді М. Әшімбаев.