Президенттік кандидаттарға қойылатын талаптар белгілі болды (ВИДЕО)
Орталық сайлау комиссиясының отырысында болашақ Президентке қойылатын талаптар белгілі болды, деп хабарлады Elorda.info.
ОСК төрағасының орынбасары Константин Петровтың айтуынша, Қазақстан президенттігіне кандидатқа келесідей талаптар қойылады: туғанынан Қазақстан азаматы болуы;
соңғы 15 жыл ішінде Қазақстан аумағында тұру;
жоғарғы білім;
жасы 40 жастан кіші емес;
белсенді сайлау құқығының болуы;
мемлекеттік қызметте немесе сайланбалы лауазымдарда жұмыс тәжірибесі;
мемлекеттік тілді еркін меңгеруі.
Президенттікке кандидатты қолдау облыстардың, қалалардың және астананың кемінде 2/3-ін теңдей етіп білдіретін сайлаушылардың кемінде 1 пайызының қол жинауымен расталуға тиіс.
Қазақстанда 11,8 миллион азамат дауыс беру құқығына ие болғандықтан, әрбір кандидатты қолдау үшін кемінде 118 273 сайлаушының қолы жиналуы тиіс. Кандидаттың барлық талапқа сәйкестігін ОСК белгілейді.
Гүлжан Уалиева
-->Орталық сайлау комиссиясының отырысында болашақ Президентке қойылатын талаптар белгілі болды, деп хабарлады Elorda.info.