Қазыбек Иса: Жеті жыл – қандай жетістікке жетуге де жеткілікті мерзім
Бұл туралы бүгін Парламентте Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса айтты, деп хабарлады Elorda.info.
-->Бұл туралы бүгін Парламентте Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса айтты, деп хабарлады Elorda.info.
Жеті жыл уақыт – қандай жетістікке жетуге де жеткілікті мерзім. Қазақта 7 саны қасиетті санға жататынын да ұмытпайық. Кешеге дейін «Мәжіліс сайлауы мен Президент сайлауы қашан болады?» деп шулап едік. Президент қоғам талабын екі есе орындап, екі сайлауды да жариялап еді, енді «Неге Президент сайлауы болады» деп шыққандар да бар. Саясаткерлік – кез келген уақытта қандай сайлауға да дайын тұру. «Біз оянамыз дегенше, керуен кетіп қапты» деген байбалам саясаткерлікке жүрмейді. Сол секілді «Астананың бұрынғы атын қайтару керек» дегендер көп еді, халық үніне құлақ асатын мемлекет ретінде депутаттар ел аралағанда ең көп айтылған халық талабын орындап жатса, енді неге «Астана атын ауыстырасыңдар?» дегендер де шықты... Мұның бәрі қоғамды тұрақсыздыққа итермелеп жатқан теріс пиғылдылардың әрекеті екені анық, - деді Мәжіліс депутаты.