Бейбіт әрі берекелі болашаққа қадам басуды қалаймыз – Президент
Пандемиядан кейінгі әлемде әділетті қоғам құру бәрімізге ортақ міндет, Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлады Elorda.info inform.kz-ке сілтеме жасап.
-->Пандемиядан кейінгі әлемде әділетті қоғам құру бәрімізге ортақ міндет, Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлады Elorda.info inform.kz-ке сілтеме жасап.
Халықтар арасындағы келісімді нығайтып, пандемиядан кейінгі әлемде әділетті қоғам құру бәрімізге ортақ міндет. Осы орайда ашық диалог орнату өте маңызды. Дін көшбасшыларының VII съезі тың идеяларға жол ашып, баршамызды биік белестерге жеткізеді деп сенемін. Біздің мүддеміз және ниетіміз бір. Бәріміз де бейбіт әрі берекелі болашаққа қадам басуды қалаймыз. Осы игі мақсатқа бірге жетейік. Съезд жұмысына табыс тілеймін. Дұға тілектеріңіз қабыл болсын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VII съезінің ашылуында сөйлеген сөзінде.