Бүгін елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі басталады
Бүгін елордада Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі өз жұмысын бастайды, деп хабарлады Elorda.info.
Екі күнге созылатын съезге 50 елден 100-ден астам делегация, оның ішінде ислам, христиан, буддизм, иудаизм, индуизм, даосизм, зороастризм, синтоизм діндерінің өкілдері, сондай-ақ саяси және қоғам қайраткерлері, халықаралық ұйымдар мүшелері келген.
VII съездің басты тақырыбы «Пандемиядан кейінгі кезеңде адамзаттың рухани және әлеуметтік дамуындағы әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің рөлі» болмақ.
Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезі аясында өтетін алдағы отырыстар мен секциялар «Діндердің қазіргі әлемдегі рухани және моральдық құндылықтарды нығайтудағы рөлі», «Білім мен діни ағартудың діндер мен мәдениеттердің сыйластықта қатар өмір сүру және бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы рөлі», «Діни лидерлер мен мемлекет қайраткерлерінің жаһандық дінаралық диалог пен бейбітшілікті ілгерілетуге, экстремизмге, радикализмге және терроризмге қарсы іс-қимылға қосқан үлесі», «Әйелдердің қазіргі қоғамның әл-ауқаты мен тұрақты дамуына қосқан үлесі және әйелдердің әлеуметтік мәртебесін қолдаудағы діни қауымдастықтардың рөлі» сынды тақырыптар бағытында өрбитін болады.
Сонымен қатар 14 қыркүйекте елордада Рим Папасы Францисктің қатысуымен Қасиетті Месса өтеді. Бұл рәсімге әр елден 3 мыңға жуық қажы келеді делініп отыр. Мессаны көргісі келетіндер үшін тікелей эфир ұйымдастырылады.
-->Бүгін елордада Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII съезі өз жұмысын бастайды, деп хабарлады Elorda.info.