Тұңғыш Президент күнін алып тастау ұсынылды
Бұл туралы Мәжіліс отырысында қаралатын «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография және мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында жазылған, деп хабарлады Elorda.info.
Айта кетейік, бүгін Мәжіліс мереке күндеріне қатысты заң жобасын мақұлдап, Сенатқа жолдады.
Заң жобасында 1 желтоқсан Тұңғыш президент күнін мемлекеттік мерекелер қатарынан алып тастау көзделген.
Сондай-ақ 25 қазан ұлттық мереке – Республика күні ретінде белгіленеді. Ал 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мемлекеттік мереке болады.
-->Бұл туралы Мәжіліс отырысында қаралатын «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография және мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында жазылған, деп хабарлады Elorda.info.
1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күнін мерекелеуді мемлекеттік рәміздер күні, Алғыс айту күні сияқты атаулы күндерге және мемлекеттік мерекелер тізбесінен алып тастап, әлеуметтік маңызы жоғары әлеуеті жоғары басқа да даталарға ұқсас етіп белгілеу ұсынылады, - делінген құжатта.