Саясат

Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге жолдаған жеделхатында Қасым-Жомарт Тоқаев Сычуань өлкесінде болған жер сілкінісі салдарынан көптеген азаматтың қаза тапқаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алғанын жазды.

«Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас Қытай халқына қайғыра көңіл айтамын. Табиғи апатта жараланғандардың тез арада сауығып кетуін және із-түссіз жоғалғандардың отбасыларына аман-есен оралуын тілеймін», – деп жазылған Президенттің жеделхатында.

-->