Саясат

«Мінсізбін»: Әміржан Қосанов президенттік сайлауға түсетінін айтты

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында биыл Президент сайлауын уақытынан бұрын өткізетінін айтты. Тоқаевтың осы ұсынысынан кейін саясаткер Әміржан Қосанов саяси науқанға қатысуға дайын екенін мәлімдеді, деп жазады Elorda.info

Бұл туралы саясаткер Facebook парақшасында мәлім етті.  

-->

Тоқаев Назарбаевтың стилінде кезектен тыс президент сайлауын жариялады. Уақыт тығыз. Әрине, ыңғайсыз адамдарды Орталық сайлау комиссиясы тіркемес. Бір бәле табады ғой. Мен 2019 жылы бар ресми процедурадан өткенмін. Иә, Әблязов, Қажыгелдин, тағы басқа ескі оппозиция мені қаралады, бірақ ертең басқа билік қарсыласын тіркесе, қолдаймын. Тіркемесе, президенттікке ұсынылып, тіркелуге мен дайын, өйткені тіркелу үшін заң жағынан мінсізбін, – деп жазды Әміржан Қосанов.