Саясат

Азат Перуашев: Сайлауда лайықты кандидаттар болады

«Ақ жол» партиясы сайлауға қатысуға дайын. Бұл туралы Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев айтты, деп хабарлады Elorda.info.

 «Ақ жол» партиясынан сайлауға кімдер қатысатыны құрылтайда белгілі болады.

Еске сала кетейік, президент бүгінгі Қазақстан халқына Жолдауында кезектен тыс президент сайлауын өткізуді ұсынған болатын.

-->

«Ақ жол» партиясы сайлауға қатысуға дайын. Бұл туралы Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев айтты, деп хабарлады Elorda.info.

«Ақ жол» партиясы сайлауға қашан да дайын. Біз сайлаушылардың алдында міндетімізді толық орындап отырмыз. Бұл оңай емес. Себебі партияның мүшелері Парламентте аз. Бүгінде тек 12 депутатымыз бар. Осыған қарамастан біз жұмыс істеп жатырмыз… Президент сайлауына қатысу мәселесін тек партияның құрылтайы шешеді. Әрине, оны талқылауға міндеттіміз, - деді А.Перуашев.

 «Ақ жол» партиясынан сайлауға кімдер қатысатыны құрылтайда белгілі болады.

Біз еркін елде тұрамыз. Дамудың демократиялық жолын таңдап алдық. Сайлау баламалы түрде өтеді. Сайлауда лайықты кандитаттар болады, - деді депутат.

Еске сала кетейік, президент бүгінгі Қазақстан халқына Жолдауында кезектен тыс президент сайлауын өткізуді ұсынған болатын.