Саясат

Үш облыстан Сенатқа сайлаудың алдын ала нәтижесі жарияланды

Ұлытау облысынан Ұлытау ауданының әкімі Советбек Медебаев пен Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Серік Шайдаров өзге кандидаттардан ең көп дауыс жинады.  Ал Жетісу облысынан Жетісу мемлекеттік университетінің деканы Амангелді Төлемісов пен Ербұлақ ауданының әкімі Ғалиасқар Сарыбаев Парламент жоғары палатасының мандаты үшін сайлауда алға шықты. Абай облысынан Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов пен «Қайнар» колледжінің директоры Айнұр Арғынбаева сайлаушылардың көп дауыс жинады.

Айта кетейік, бүгін Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау өтті. Парламент Сенатындағы 6 мандатқа 12 кандидат үміткер болды. Барлық үш өңірдегі таңдаушылардың жалпы тізіміне 346 мәслихат депутаттары енгізілген еді.

-->