Саясат

Президенттің баспасөз хатшысы Тоқаев пен Путиннің кездесуі туралы пікір білдірді

Оқи отырыңыз: Тоқаев пен Путин Сочиде не туралы сөйлесті

Оның айтуынша, Президенттер тұрақты жұмыс байланысын жалғастыруға келіскен.

Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге құрметі мен қонақжайлығы үшін шынайы ризашылығын білдірді.

-->

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сочиде ұзаққа созылған жеке кездесудегі келіссөздің қорытындысына көңілі толатынын жеткізді. Мемлекет басшысының пікірінше, келіссөз өзара сенім әрі іскерлікпен ерекшеленген айырықша достық атмосферада өтті. Президент сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық ынтымақтастыққа, екі елдің халықаралық аренадағы өзара іс-әрекетіне қатысты барлық мәселелер жан-жақты талқыланғанын атап өтті. Мемлекет басшылары өз деңгейіндегі уағдаластықтарды екі ел үкіметтерінің тұрақты түрде жүзеге асыруы маңызды деп түсінеді, – деп жазды Руслан Желдібай Facebook парақшасында.