5 жылда Қазақстанның Орталық Азия елдерімен тауар айналымы 6,3 млрд долларға жетті – Тоқаев
-->
Көпжақты өзара іс-әрекеттің берік экономикалық базасын қалыптастыру өзекті міндет болып қала бермек. Кейінгі жылдары бұл бағытта айтарлықтай нәтижеге қол жеткізілді. Соңғы 5 жылдың ішінде Қазақстанның Орталық Азиядағы өзге елдермен тауар айналымы 42 пайызға артып, 6,3 млрд долларға жетті. Өзара сауда-саттықты ұлғайта түсу үшін мол резервтің бар екенін ескере отырып, алдағы уақытта бұл көрсеткішті мүмкіндігінше 15 млрд долларға дейін жеткізу қажет, - деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.