Саясат

Қазақстан мен Таиланд дипломатиялық қатынастардың орнағанына – 30 жыл

Айтулы датаға орай Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Таиланд Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Дон Промудвинай құттықтау хаттарымен алмасты.

-->

30 жыл бойы екі мемлекет қауіпсіздік, сауда, туризм, мәдениет және білім салаларындағы ортақ мүдделерді назарға ала отыра өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуда. Бауырлас қалалар болып табылатын Нұр-Сұлтан мен Бангкок, Шымкент пен Паттайя арасында серіктестік байланыстар орнатты. Мемлекеттік органдар, парламенттер, іскерлік топтар, ғылым, білім беру және мәдени орталықтардың қатысуымен көптеген бірлескен іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді, - деп жазылған сайтында.