Елордада зиялы қауым өкілдері референдумда дауыс берді
Нұр-Сұлтандағы учаскелерде өздерінің азаматтық ұстанымдарын білдіріп, дауыс беруге келгендердің қатары қалың. Олардың арасында филология ғылымдарының докторы Рахымжан Тұрысбек, Қазақстан Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қаласы филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы, ақын, филология ғылымдарының докторы Жанат Әскербекқызы, сол сияқты ақын-публицист, журналист Нұрлан Қалқа секілді зиялы қауым өкілдері де бар.
«Еуразия Ұлттық университетінде орналасқан өз жайлау жұртымызда – сайлау жұртымызда Жаңа Қазақстан үшін қаламгерлер Рахымжан Тұрысбек, Жанат Әскербекқызы үшеуіміз дауыс бердік. Жаса, жайна Қазақстан!» – деп жазды Дәулеткерей Кәпұлы Facebook парақшасында.
Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда таңғы сағат 7-ден бастап 348 учаске жұмыс істейді, оның 248-і – ашық, 35-і – жабық, тағы 65-і дипломатиялық өкілдіктер мен елшіліктерде орналасқан.
-->