Мемлекеттік кеңесші Ұлттық құрылтайдың өзегі болатын үш құндылықты атады (ВИДЕО)
Оның айтуынша, еліміз заң үстемдігін қамтамасыз етуге, пікір алуандылығын қолдауға және маңызды мемлекеттік шешімдер қабылдайтын уақытта қоғамның пікірін ескеруге дайын.
-->
Ұлттық құрылтайдың жасақталуында, оның өткен орны мен уақытында бірқатар идеологиялық тұжырымды қамтитын ой бар. Бірінші ой – біздің мемлекеттігіміздің тарихы тым тереңде. Құрылтайдың Жошы хан кесенесі іргесінде өткізілуінде ерекше мән жатыр. Біздің мемлекеттігіміздің тарихы Алтын Ордадан бастау алып, Қазақ хандығы дәуірінде қалыптасып, Алаш Орда кезеңінде жалғасып, Тәуелсіздік Қазақстан тұсында қайта жаңғырды. Екінші ой – ұлтты ұйысуға үндеу. Құрылтайдың бірінші отырысы Ұлытауда өтті. Екінші жиын Түркістанда болады. Бұл – халқымыз үшін киелі жерлер. Сондықтан мұнда барша халқымызды бірлікке шақырған идеологиялық ой бар. Құрылтайдың дәл осы уақытта өтуі бекер емес. Келелі жиын ел дамуының жаңа бағытын айқындаған және ұлттың ұйысуының жаңа деңгейге көтерілгенін көрсеткен жалпыхалықтық референдумнан кейін өтті. Үшінші ой – мемлекет мүддесі бәрінен биік. Республика күнін қайта жаңғыртып, оған мемлекеттік мәртебесінің берілуі – Тәуелсіздік идеясымен мемлекеттік құндылықтарды берік орнықтыра түсуге бағытталған. Осы үш құндылық жаңа қоғамдық шартты қалыптастыру кезінде біздің ең басты бағдарымыз болады, – деді Ерлан Қарин.
Оның айтуынша, еліміз заң үстемдігін қамтамасыз етуге, пікір алуандылығын қолдауға және маңызды мемлекеттік шешімдер қабылдайтын уақытта қоғамның пікірін ескеруге дайын.