Саясат

Қазақстан әлемді ядролық қарудан бас тартуға шақырды

Сыртқы істер министрі 2022 жылғы 21-23 маусымда Венада ядролық қарусыздану саласындағы тарихи оқиға – Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартқа (ЯҚҚҚ) қатысушы мемлекеттердің бірінші кездесуі өтетінін еске салды.

Оның айтуынша, Қазақстан бұл игі, бірақ өршіл мақсатқа жету жолында көптеген саяси және техникалық кедергі тұрғанын біледі.

 

-->

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш атап өткендей, бүгінде әлем бойынша шашыраңқы 13 400-ге жуық ядролық оқтұмсықтармен ядролық қаруды қолдану мүмкіндігі қырғи-қабақ соғыстың ең қауіпті болжамдарынан да  шынайырақ. Украина аумағындағы қазіргі әскери қақтығыс, ядролық қаруды қайтару  және ядролық қаруды қолданудың өзара қатерлері  бізді адамзаттың ұжымдық осалдығы және оларға тыйым салу және жоюдың шұғыл қажеттілігі туралы ойлауға мәжбүр етеді, – деді Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары-Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді 18 маусымда «Литер»  газетінде жарияланған «Ядролық қаруға тыйым салу туралы шарт – ядролық қарусыздану үдерісіндегі жаңа шындық» атты мақаласында.

Сыртқы істер министрі 2022 жылғы 21-23 маусымда Венада ядролық қарусыздану саласындағы тарихи оқиға – Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартқа (ЯҚҚҚ) қатысушы мемлекеттердің бірінші кездесуі өтетінін еске салды.

Біз барлық мемлекеттерді, соның ішінде ядролық державаларды БҰҰ-ның 100 жылдығына орай 2045 жылға қарай ядролық қаруды толығымен жоюдың кезең-кезеңімен жоспарын әзірлеуге шақырамыз. Осы мақсатқа жету жөніндегі ұсыныстар мен келісімдер Ядролық қаруға тыйым салу туралы шарттың бірінші конференциясының да, Ядролық қаруды таратпау туралы шарттың шолу конференциясының да қорытынды құжаттарында көрініс табуы мүмкін, – деп түсіндірді Тілеуберді.

Оның айтуынша, Қазақстан бұл игі, бірақ өршіл мақсатқа жету жолында көптеген саяси және техникалық кедергі тұрғанын біледі.

Біз бұл бағытта практикалық жұмысты бастау қажет деп санаймыз, – деді Сыртқы істер министрі.