Елде жаңа министрлік құрылуы мүмкін
-->
Көрші мемлекеттерді алып қарасақ, оларда су шаруашылығымен тиісті министрлік немесе агенттік айналысып отыр. Бұл мәселенің өзекті екенін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов атап өтті. Сондықтан су саласына жауапты және Қазақстан атынан халықаралық деңгейде келіссөздер жүргізетін тиісті министрлік құрудың уақыты келген сияқты, - деді Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин.