Саясат

Жаңадан тағайындалған министр Саясат Нұрбек салтанатты түрде ант берді

-->

Қазақстан Республикасының халқы мен Президенті алдында өз Отаным – Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани дамуы ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге салтанатты түрде ант етемін, - деді Саясат Нұрбек Үкімет отырысының ашылуында.