«Бозоқтан Ботайға дейін» экспедициясы ұйымдастырылады
-->
Жеті күндік экспедицияның мақаты-археологиялық ескерткіштерді және Бозоқ қалашығының жалпыұлттық маңызы бар обьектісін танымал ету. Шабандоздар Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының киелі жерлеріне саяхат жасауды жоспарлап отыр. Экспедиция «Бозоқ» археологиялық ескерткішінің аумағында басталып, 7 күннен кейін Солтүстік Қазақстан облысындағы «Ботай» археологиялық ескерткішінде аяқталады.