«Ауыл» партиясының төрағасы референдум туралы мәлімдеме жасады
Партия төрағасы Конституцияға толықтырулар мен түзетулер енгізу жөніндегі жалпыұлттық референдумның нәтижелері туралы өз ой-пікірін білдірді.
Сондай-ақ ол партия тарапынан жүргізілген іс-шараларды атап өтті.
Зарина СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ
-->Партия төрағасы Конституцияға толықтырулар мен түзетулер енгізу жөніндегі жалпыұлттық референдумның нәтижелері туралы өз ой-пікірін білдірді.
5 маусым күні қазақстандықтар дауыс беру учаскелерінде тарихи шешім қабылдады. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ұсынылған реформаларды ел халқы қолдады. Ата заңды өзгертуде халықпен бірге шешім қабылдау басты жеңісіміз болып табылады. Барша отандастарымызды тарихи таңдау жасағандары үшін құттықтаймын, – деді партия төрағасы мәлімдемесінде.
Сондай-ақ ол партия тарапынан жүргізілген іс-шараларды атап өтті.
«Ауыл» партиясы референдум тағайындалған алғашқы күннен бастап Президенттің бастамаларына қолдау білдіріп, конституциялық өзгерістердің мазмұнын талқылау ісіне белсене араласты. Еліміздің әр өңіріндегі партия жетекшілері, белсенділеріміз бен мәслихаттағы депутаттарымыз, әсіресе, ауылдық елді мекендердегі еңбекшілер қауымын кеңінен қамтыды. Өндіріс орындарында, еңбек ұжымдарында, егістік алқаптарында кездесулер ұйымдастырылды. Партияның 700-ден астам мүшесі референдум барысын бақылау ісіне қатысып, дауыс беру учаскелерінде партия атынан өкілдік етті. «Ауыл» партиясының өкілдері болған учаскелерде заң бұзушылық деректері тіркелген жоқ, – деді Әли Бектаев.
Зарина СӘРСЕНБАЙҚЫЗЫ