Саясат

ШЫҰ Бас хатшысы: Біздің миссия Қазақстандағы референдумды ашық әрі әділ өтті деп есептейді

Бас хатшының мәлімдеуінше, референдум барысында қатысушылардың құқығып бұзып, мүмкіндігін шектеу жағдайы тіркелген жоқ.

-->

«Маусымның 3-і мен 5-і аралығында ШЫҰ миссиясы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің шақыртуымен референдумда байқау миссиясын жүргізді. Шанхай ынтымақтастық ұйымы миссиясы 17 мүшеден тұрады. Оған мүше елдердің атқарушы және заңнамалық органдардың өкілдері, ШЫҰ лауазымды тұлғалары кіреді. Мен Бас хатшы ретінде миссияны басқарамын. Миссия мүшелері Орталық референдум комиссияларының құрамымен қоян-қолтық жұмыс істеді. Халықаралық ұйымдар мен шетелдік байқаушылармен бірлесе жұмыс істеп, орталық референдум комиссиясының айтулы шараға дайындығы мен өткізуге қатысты жұмысын бақылады. Сонымен қатар елордадағы халықтың референдумға қатысу процесіне байқау жүргізілді», - деді Чжан Мин БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатында.

Бас хатшының мәлімдеуінше, референдум барысында қатысушылардың құқығып бұзып, мүмкіндігін шектеу жағдайы тіркелген жоқ.