Референдум бойынша Еxit poll нәтижелері жарияланды
Қоғамдық пікір» институты 5 маусым күні 600 сайлау учаскелерінен шыға берісте азаматтарға сауалнама - Еxit poll жүргізді. Оның 360-ы қалада, 240-ы ауылда ұйымдастырылды. Сауалнама республикалық маңызы бар қалалар, облыс орталықтары, шағын қалалар, ауылды елді мекендерді қамтыды. Сұрауға 24 мың респондент қатысты.
Респонденттерге «Сіз Конституцияға түзетулер енгізуді қолдадыңыз ба, әлде қарсы дауыс бердіңіз бе?» деген бір ғана сұрақ қойылды.
Cонымен қатар «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі сайлау учаскелерінің шыға берісінде Exit poll өткізді. Сауалнама алу 375 учаскеде, оның ішінде 225 қалалық және 150 ауылдық референдум учаскесінде жүргізілді. 15 мыңнан адамнан сауалнама алынды. Зерттеу қорытындысының қателігі 2,7 пайызды құрайды. Демократия институты Exit poll бірінші рет өткізіп отырған жоқ. Ол Қазақстанда 2007 жылдан бергі сайлау науқандары кезінде бейімделген әдістеме арқылы жүргізілді.
Ал «СОЦИС-А» компаниясы жүргізген сауалнама нәтижесі сауалнамаға қатысқандардың 76,7% Конституцияға өзгеріс енгізуге «иә» деп жауап берсе, 23,3% қарсы болған.
-->Қоғамдық пікір» институты 5 маусым күні 600 сайлау учаскелерінен шыға берісте азаматтарға сауалнама - Еxit poll жүргізді. Оның 360-ы қалада, 240-ы ауылда ұйымдастырылды. Сауалнама республикалық маңызы бар қалалар, облыс орталықтары, шағын қалалар, ауылды елді мекендерді қамтыды. Сұрауға 24 мың респондент қатысты.
Респонденттерге «Сіз Конституцияға түзетулер енгізуді қолдадыңыз ба, әлде қарсы дауыс бердіңіз бе?» деген бір ғана сұрақ қойылды.
Конституцияға түзетулер енгізуге қолдау білдірген респонденттер 74,8 пайызды, ал қарсы болғандар 25,2 пайызды құрады. Еxit poll нәтижесі бойынша референдумге қатысушылар 70,1 пайызды құрады, - делінген зерттеуде.